Жамбыл облысында интернет алаяқтық 30% артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында интернет алаяқтық 30% артқан

13.11.2024

Биыл Жамбылда интернет алаяқтық 30 пайызға көбейіп, ақшасынан айырылған азаматтар саны артып барады. Ғаламтор арқылы жасалатын қаржылық қылмыстан зардап шеккендер саны 223 адамға жетті. Мысалы былтыр 160 дерек тіркелген. Прокурорлар интернет қылмысқа тұсау болу үшін арнайы бот ашуды жөн көріпті. Жаңадан іске қосылған «Кибер шектеу Тараз» жобасы алаяқтықты алдын алуға тиімді. Телеграм ботқа желідегі күдікті жазбаларды, сілтемелер мен телефон нөмірлерін жіберуге болады. Тұрғындардан түскен деректер бірден «Кибернадзор» жүйесі арқылы тексеріліп, жауабы беріледі. Платформа іске қосылысымен 50-ге жуық хабарлама түсіп, күдікті жазбаның оны бұғатталды.

Берік Төлеуов, Жамбыл облысы прокурорының көмекшісі:

Бұл телеграм тәулік бойы жұмыс жасайды. Телеграм ботқа облыс тұрғындары хабарламалар берген жағдайда хабарламалар тексеріліп, оларды бұғаттауға шаралары көрілетін болады.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу