Маңғыстауда Құрық портында жылдық қуаты 1 миллион тонналық жаңа астық терминалы іске қосылды.
Мұнда бір уақытта 28 мың тоннаға дейін дәнді дақылдар сақтауға болады. Құбырлары сағатына 300 тонна өнім өткізуге қауқарлы. Астық Құрық порты арқылы Иранға, Кавказ аймағына және одан әрі қарай экспортталмақ. Бүгінгі таңда астық терминалында шамамен 14 мың тонна арпа сақталған.
Алғашқы 3 500 тонна өнім 9-қарашада жөнелтілген. Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, теңіз инфрақұрылымын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында жүзеге асты.
Аягө Оралбайқызы