Қазақ ғалымдары Еуропада зияткерлік меншікті қорғауды үйренуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ ғалымдары Еуропада зияткерлік меншікті қорғауды үйренуде

14.11.2024

Қазақстандық ғалымдар Брюссельде Еуропалық Одақтың зияткерлік меншікті қорғау тәжірибесін игеруде. Ғылым қорының өкілдері «Horizon Europe» ұлттық үйлестірушілерінің 7-кездесуіне қатысып жатыр. «Horizon Europe» - ЕуроОдақтың ғылым мен инновацияны дамытуға бағытталған бағдарламасы.

Еліміздің осы бағдарламаға белсенді қатысуы – ғылыми зерттеулерді, инновацияны дамытып, халықаралық ұйымдармен ынтымақты арттыруға жол ашады. Сондай ақ бұл Қазақстанның ғылыми экожүйесін жаһандық кеңістікке интеграциялауға, отандық зерттеушілердің халықаралық аренадағы рөлін нығайтуға септігін тигізбек.

Әлия Сембаева, «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

Қазақстан мен ЕуроОдақ арасында сирек кездесетін металдарды дамыту, өңдеу бойынша келісім бар. Соған сәйкес қазір бізде сирек кездесетін металдар, таза энергия және ауылшаруашылығы бағыттары бойынша жобаларды жүзеге асыруға дайындық жүруде. Жалпы бұл бағдарламаға ғалымдардан бөлек, бизнес ұйымдар, өндірістік ұйымдар да қатыса алады.

Константинос Вавекис, Еуропалық патенттік өкіл, «Praxi Network» директоры:

Қазақстан мен Грекия үшін зияткерлік меншік құқы маңызды. Жұмыстарымызды, патенттерімізді қорғап, лицензияны индустриалды елдерге сатып, ақшаны қайтарсақ, ғалымдарға керемет ынталандыру болар еді. Осы салада Қазақстанмен тәжірибе алмасуға ниеттіміз.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу