Еліміздегі туристік саланы дамытудың жаңа тұжырымдамасы қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі туристік саланы дамытудың жаңа тұжырымдамасы қабылданды

27.06.2017

«Мәңгілік ел» идеясын насихаттауға мүмкіндік беретін бағдарламаны бүгін Арыстанбек Мұхамедиұлы таныстырды. Мәдениет және спорт министрі ұсынған құжат шетелдік тәжірибеге негізделген. Ол екі кезең бойынша жүзеге асады. Әуелгісі - 2017-2019 жж. орындалса, кейінгісі - 2020-2023 жылдарды қамтиды. Жаңа құжатқа сай, саланы дамытуда басымдық тарихи туристік орындарды арттыруға беріледі. Ол үшін еліміздің 6 өңірінде ғылыми-зерттеу жұмыстары басталады.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу