Бүгін ұлттық валюта – теңге күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін ұлттық валюта – теңге күні

15.11.2024

Биыл ұлттық валютамыз – теңгенің айналымға енгеніне 31 жыл толды. Төл теңгенің тарихы 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Президентінің қол қойған «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Заңынан бастау алады. Валютамыз 15 қарашада ел аумағындағы жаңа сауда-саттық жасау құралы ретінде қолданысқа енді.

Ескі үлгідегі ақшаларды теңгеге айырбастау 20 қараша күні аяқталды. Айналымнан жалпы сомасы 950 миллиард рубль алынып тасталды. Осылайша, Ұлттық валюта ұлттық экономикамыздың іргетасын қалауға ықпал етті. Халықаралық мамандардың пікірінше, теңге қазір ТМД аумағындағы тұрақты валюталар қатарында.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу