Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі Нгуен Суан Тхангты қабылдады. Әңгімелесу барысында Президент бүгінде қазақ-вьетнам қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға жасаған былтырғы ресми сапары екіжақты ынтымаққа айтарлықтай серпін берген. Бұдан бөлек ынтымақтастықты заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін парламентаралық байланысты жандандырудың маңызы туралы айтылды. Нгуен Суан Тханг елдің Орталық комитеті Саяси бюросы мен Ұлттық жиналысы уағдаластықтарды жүзеге асыруға белсенді атсалысып жатқанын айтты.
Оңғар Алпысбай