Ауылдағы қыз-келіншектерге грант берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауылдағы қыз-келіншектерге грант берілді

15.11.2024

Ауылдағы әйелдерге гранттар берілді. Астанада өткен VII Республикалық ауыл әйелдері форумына жер-жерден 200 делегат қатысты. Форумды ұйымдастыру комитетінің төрағасы Майра Айсинаның айтуынша, аталмыш жиын 7 жылдан бері өтіп келеді. Нәтижесінде елді-мекендердегі тұрғындардың өмір сапасы айтарлықтай жақсарған. Ондағы әйелдердің көкейіндегі қордаланып қалған өзекті мәселелер форумда талқыланып, шешімін табуда. Қазақстанда 12 жыл бойы жұмыс істеп жатқан «Belesteri» әлеуметтік жобасы арқылы өңірлердегі 110 мыңнан астам қыз-келіншек грант жеңіп, кәсібін дөңгелеткен. Биыл осы жоба аясында 30 грант бөлінді, - деді Майра Айсина.

Майра Айсина, Республикалық ауыл әйелдері форумы комитетінің төрағасы:

Бұл жәй ғана жиналыс емес. Бастарын қоссын, көңіл көтерсін дегендей емес. Мына Астана төріне келіп, осы жерде ауылда қандай мәселелер бүгінде қобалжытып жүр, қандай қордаланып қалған мәселе бар, сонын бәрін шешу. Билікпенен ауыл арасында жақсы көпір болсын, алмасып отыратын дегендей мақсатпен жинап жүрміз.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу