Қайырымдылық қорларын қадағалау қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайырымдылық қорларын қадағалау қажет

15.11.2024

Қайырымдылық қорларына қадағалау қажет. Соңғы күндері қоғамда осы мәселе қызу талқыланып жатыр. Сан пікірдің туындауына Қаржы мониторингі агенттігінің Перизат Қайраттың су тасқынына жиналған қаржыдан 1,5 млрд теңгені жымқырғаны жайлы ақпарат таратқаны себеп. Осы резонансты оқиғадан соң халық та ақша жинайтын қорларға күмәнмен қарай бастағандай.

Иә, шынымен де кейбір қайырымдылық қорының кеңсесін таппайсыз. 

Динара Жарқынбек, тілші:

Астанада шамамен 35 кайырымдылык коры тіркелген. Сенімге селкеу түскені бар. Сондықтан олардың жұмысын көру үшін қаладағы қорлардың біріне келдік. Ресми мекен-жайы осы маңда көрсетілген. Тұрғын үйді толықтай айналып шықтым. Бірақ, ұйымның барын білдіретін жазу тақтайшасы да, нұсқаулықты да таппадым.

Жалпы, қайырымдылық қорына жиналған қаражатты кім қадағалайды? Көпшіліктің көкейіндегі сұрақ осы. Заңгерлер мұндай қорлар жыл сайын аудиттен өтуі тиіс. Ал қор мүшелерінің жалақысы мен шығындары жиналған қаражаттан бөлінеді. Мұны да ашық жариялауы керек дейді. 

Жандос Тұяқов, заңгер:

Қылмыс болу үшін міндетті түрде жәбірленуші тарап болу керек. Бізде өкінішке орай жәбірленуші тарап болмайды. Сол себепті мында көп қайырымдылық қормен айналысатын азаматтар жауаптан жалтарып кетеді. 

Біздің елде қайырымдылық қорын құру қиын емес және кез келген адам бұл іспен айналыса алады. Жұртқа ақша жинаумен айналысатындардың көбеюінің де бір себебі осы болса керек.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу