Отбасының берекесі жайлы сауалнама жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отбасының берекесі жайлы сауалнама жасалды

21.11.2024

Берекелі отбасының қалыптасуына әсер ететін факторлар белгілі болды. Қоғамдық даму институты арнайы сауалнама жүргізген. Оған елдің барлық өңірінен 2 мыңнан астам қазақстандық қатысқан. Дені отбасының берекесі отбасы мүшелерінің өзара түсіністігі және бір-біріне деген құрметімен өлшенетінін көрсеткен.

Олжас Бейсенбаев, Қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының орынбасары:

Азаматтардың ойындағы берекелі отбасының бейнесіне тоқтала кетсек. Респонденттің басым көпшілігі ондағы сүйіспеншілік пен құрметте, яғни 88 пайыз. Ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық, 86 пайыз. Бала мен ата-ана түсіністігіне 85 пайыз тікелей байланысты деп санайды.

Темірлан Нұрсолтан

Хабарламаларға жазылу