Шараны Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени орталықтары ұйымдастырды. Кез келген қала қонағы мен тұрғыны палаудан ауыз тиіп, бағасын беріп жатты. Түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері осылайша бір шаңырақ астында мекендеген халықтарды татулыққа, бірлікке үндеді. Кеш соңы концертке ұласты.