Прокатқа шыққан коммерциялық комедиялардың тілі шұбарланып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Прокатқа шыққан коммерциялық комедиялардың тілі шұбарланып барады

24.11.2024

Прокатқа шығып жатқан отандық кинофильмдердің тілі - шұбар. Ең жаманы – қазақша сөйлейтін яғни ойлайтын кейіпкер ашықауыз, надандау, сауаты шамалы сияқты көрінетін фильм аз емес.

Бұл қайдан шыққан пайым? Кино авторлары шынайы өмірде солай дегісі келе ме? Иә, тілді шұбарлау проблемасы бар, бірақ кинода жаппай қолдану – пікір таластыратын мәселе. Ал қазақ тілдіні сауаты шамалы қылып көрсету деген түк те күлкілі емес.

Бірден айтайық, көтеріп отырған тақырыптың цензураға қатысы жоқ. Цензура – сұмпайы инструмент. Әңгіме ұлттың қадір-қасиетін жаныштауды доғарудан бастап, отарлық санадан арылуға дейінгі тұтас бір таған туралы. Амангелді Сейітханның сараптамасы.


Хабарламаларға жазылу