Ұлыбританияның кейбір аудандарын топан су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияның кейбір аудандарын топан су басты

25.11.2024

Ұлыбританияның бір бөлігінде төпелеп жауған жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласты. Одан Уэлс пен Англияның бірнеше қаласында үйлер мен көліктерді су басқан. Қазір апат жайлаған аудандарда құтқару операциялары жалғасып жатыр. Англияның оңтүстігінде тасқыннан бір адам қаза тапқан. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, үйлер мен ғимараттарды судан тазартуға еріктілер де көмектесіп жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу