2026 жылдан бастап жыл сайын 100 млн тонна мұнай өндірілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2026 жылдан бастап жыл сайын 100 млн тонна мұнай өндірілмек

25.11.2024

Биыл еліміз 88,4 млн тонна мұнай өндірді. Бұл туралы энергетика министрі мәлімдеді. Бұл төмен көрсеткіш деген Алмасадам Сәтқалиев, оған Теңіз және Қашаған ірі кен орындарындағы күрделі жөндеу жұмыстары себеп деді. Осы жағдайға ОПЕК+ келісімі бойынша міндеттемелердің де әсері бар. Десе де министр 2026 жылдан бастап еліміз жыл сайын 100 млн тонна мұнай өндіретінін айтты. Бұл жоспар ірі жобаларды орындау есебінен жүзеге асады. 

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу