Ваучерлік қаржыландыру жүйесінің арқасында балабақшаға кезек азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ваучерлік қаржыландыру жүйесінің арқасында балабақшаға кезек азайған

25.11.2024

Мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі. Үкіметте білім беру, денсаулық сақтау, салық және кеден салаларында цифрлық технологияларды енгізу мәселелер талқыланды. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың айтуынша, Тараз, Шымкент және Түркістан қаласының балабақшаларында жоба пилоттық режимде жүзеге асқан. Мәселен Түркістанда 2 аптада 740 ваучер беріліп, балабақшаларға кезек азайған. Жалпы бұл жоба бойынша қаржы ұйымдар арасында бөлінбейді. Ата-аналардың арнайы шоттарына ғана аударылмақ. Өз кезегінде олар баласын қай балабақшаға беруді өздері таңдайды.

Асқар Ибраимов, «Қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы:

Ваучерлік қаржыландыру ата-ананың балабақшаны өз еркімен таңдауын қарастырады. Осылайша барлық балабақша балалар үшін жұмыс істемек. Сонымен қатар ата-аналар сапаға назар аударады. Ата-аналар бас тартқан бақшалар жабылады немесе білім беру сапасын жақсартуға көшеді. Біз сондай-ақ «жалған тіркеуге» қатысты ұзақ жылғы мәселені шешеміз.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу