Маңғыстауда Өзбекстанмен шекарадағы «Тәжен» кеден бекетінде көлік кептелісі болып жатыр. Шамамен 400-ден астам жүк көлігі Қазақстаннан шығуға кезек күтіп тұр.
Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, автокөліктердің жиналуына Өзбекстан елінде «Дәуіт ата – Қоңырат» автомобиль жолының ашылуы себеп болған.
Кеден бекеті бұған дейін тәулігіне бір бағытқа 150 жүк көлігін өткізсе, ал қазір 200-250 автокөлікке дейін жеткен.
Аягөз Оралбайқызы