Қарағанды әуежайы ірі логистикалық аэрохабқа айналды. Бұл әуе айлағында тасымалданатын жүк көлемін 15 мың тоннадан 200 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік бар. Мысалы биыл Эквадорға тікелей рейс ашылған. Алдағы уақытта екі ел арасында жүк таситын ұшақтар санын 30-ға жеткізу көзделген.
Бүгінде жүк сақтау қоймасына апта сайын шетелдерден 400 тоннаға дейін жүк келеді. Айына 20 әуе бортын қабылдайды. Эквадор мен Амстердамнан көбіне гүлдер тасымалданса, Гонконгтен электронды техникалар жеткізіледі. Қабылданған тауарлар елдің түкпір-түкпіріне жөнелтіледі.
Арман Нұрмағамбетов, «Қарағанды техникалық орталығы» ЖШС қойма меңгерушісі:
Кәсіпкерлер үшін біздің қойманың жұмысы өте тиімді. Себебі бізге түскен жүк жедел жөнелтіледі. Кедендік, басқа да тексерулер осы жерде өтеді. Қажет жағдайда тауарды сақтау үшін үлкен тоңазытқыштар бар.
Жандос Бақытұлы