Сотталушыдан ақша бопсалаған түрме бастығы жұмысынан шеттетіліп, 45 млн теңге айыппұл арқалады. Степногорск қалалық сотының мәліметінше, түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азамат сотқа өзін шартты түрде мерзімімнен бұрын босату туралы өтініш берген.
Мекеме бастығы соттың шешіміне ықпал ете алмайтынын біле тұра, сотталушыға 6 млн теңгеге мәселесін шешіп беруге уәде еткен. Алайда, түрме басшысы ақшаны алу кезінде ұсталды. Сот оны мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырып, қомақты көлемде айыппұл тағайындады.
Динара Жарқынбек