Дональд Трампқа қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трампқа қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

26.11.2024

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трампқа қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Себебі Конституция бойынша жауапкер жаңа қызметіне кіріскенге дейін оны қудалау доғарылуы керек. Істі тоқтату туралы шешімді арнайы прокурор Джек Смиттің өтінішімен Колумбия округі аймақ сотының судьясы қабылдаған.

Осылайша, Трамп 2020 жылғы сайлау нәтижесін жоққа шығару әрекеті бойынша жауапкершіліктен босатылды. Трамптың командасы соттың үкімін "заң үстемдігінің үлкен жеңісі" деп атады.   

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу