Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси қызметі мен тәуелсіздікті баянды ету жолындағы еңбектері жайында жазылған 2 бірдей кітап оқырманға жол тартты. «Тұлға. Тәуелсіздік. Тарих» деп аталатын алғашқы кітапта Президенттің оңтүстік өңірге жасаған сапарлары, қабылдаған шешімдері, Мемлекет басшыларымен өткізген кездесулері жайлы егжей-тегжейлі жазылған.
Сондай-ақ, осыдан 2 ай бұрын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен өткен кездесуі қамтылған. Ал, «Жаһан таныған жеті тұлға» атты екінші кітаптың авторы - Абай Ескендірұлы. Мұнда Мемлекет басшысының сан түрлі қасиеті, ел басқарудағы көрегендігі жан-жақты ашып көрсетілген. Салтанатты жиында сонымен қатар, «Мәңгі жайнай бер, Астана!» тақырыбында кітап және фотокөрме ұйымдастырылды.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ