1 желтоқсаннан бастап дизель отынын арзанға алуға өтінім қабылданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 желтоқсаннан бастап дизель отынын арзанға алуға өтінім қабылданады

26.11.2024

Шаруалар 1 желтоқсаннан бастап жеңілдетілген бағамен дизель отынын алуға өтініш бере алады. Өтінімдер 30 желтоқсанға дейін gosagro.kz порталы арқылы онлайн қабылданады. Бұл - 2025 жылғы көктемгі дала науқаны мен жем-шөп дайындауға бағытталған мемлекеттік қолдау шарасы.

Биыл күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін шаруаларға арзанға 400 мың тоннадан астам дизель отыны жөнелтілді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алу 5 есеге ұлғайтылды.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу