Таразда пара алу кезінде ұсталған Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің бұрынғы директорына қатысты сот үкімі шықты.
64 жастағы Дүйсенбек Әбдірайымов биылғы жаңа оқу жылында қол астындағы қызметкеріне «ұлыңды грантқа түсіремін» деп уәде береді. Сөйтіп қыркүйек айында қызметтік кабинетінде 80 мың теңге алған. Ал келісілген ақшаны алып жатқанда антикор мамандары үстінен түседі. Сөйтіп іс сотқа жетті. Ал судья оның өз ісіне өкінетінін әрі жас балалары барын ескеріп, ауыр жаза тағайындамады. Тек 1 млн 200 мың теңге айыппұл салып, мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеу құқығынан айырды.
Сотты болған Дүйсенбек Әбдірайымов білім беру ісінің үздігі. Бұған дейін облыстық білім басқармасын 6 жыл басқарған.
Данияр Әлімқұл