Ресей Қазақстанға соңғы үш жылда 3 млрд 200 млн доллар инвестиция салған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Қазақстанға соңғы үш жылда 3 млрд 200 млн доллар инвестиция салған

26.11.2024

Ресей Қазақстанға 2020-2023 жылдар аралығында 3,2 млрд доллар инвестиция салған. Олардың басым бөлігі энергетика және көлік саласына тиесілі. Қазақстан да көрші елге 3 млрд АҚШ долларын инвестициялаған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, еліміздің Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттермен тауар айналымы шамамен 19 миллиард доллар болған. Оның басым бөлігі, яғни 91 пайызы Ресеймен жасалған сауда-саттық. Экспорттың қарқыны да бәсең емес. Көрші елге көбіне химиялық өнімдер, құрылыс материалдары мен металдар жеткізіледі.

Айгүл Көшербаева, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бөлімінің бас ғылыми қызметкері:

2023 жылдағы сауданың жалпы көлемі 26 млрд АҚШ долларына жетті. Білім алу саласы, техникалық саладағы ынтымақтастық қазіргі таңда өте жақсы дамып келеді.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу