Ертең елордадағы екі көше уақытша жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең елордадағы екі көше уақытша жабылады

27.11.2024

Ертең шет ел басшыларының қатысуымен Астанада Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтеді. Осыған орай, елорда көшелерінің жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Полиция департаментінің мәліметінше, 28 қараша күні таңғы сағат 6:00-ден кешкі 20:00-ге дейін Нәжімеденов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Қасым Аманжолов көшесіне дейінгі бөлігі және Қасым Аманжолов көшесінің, Жұмекен Нәжімеденов көшесінен Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі бөлігі толықтай жабылады. Аталған көшелермен жүретін автобустардың қозғалыс бағыты да өзгереді. Әкімдік тұрғындардан түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды ескертеді.

Серік Жұмабек


Хабарламаларға жазылу