Франция фермерлерінің шеруі тоқтамай жатыр. Шаруалар Страсбургте пленарлық сессия өтіп жатқан Еуропарламент ғимараты жанына жиналған. Олар бұл жерге 30-ға тарта трактор айдап әкелді. Наразы топ «МЕРКОСУР» елдері мен Еуроодақ арасында еркін сауда келісімінің жасалуына қарсы. Еуропалық фермерлердің айтуынша, Оңтүстік Америкадан импортталатын тауарлар еуропалық стандарттарға сай емес. Франция үкіметі болса, аталған келісімге өздері де қарсы екенін айтып, фермерлерді жолдарды жаппауға және халықтың ашуын тудырмауға шақырды.
Арай Төлегенқызы