Ливан астанасы Бейруттің оңтүстігінде жергілікті тұрғындар бітімге қуанып, тойлап жатыр. Қолына «Хезболла» қозғалысының туын ұстаған тұрғындар көшеге шығып, бірін бірі құттықтады. Израиль мен «Хезболла» тобы арасында атыс бүгін тоқтады. Бітім АҚШ пен Францияның арағайындығымен жүзеге асқан. Оған сәйкес «Хезболла» өз жасақтарын Израиль шекарасынан 30 шақырым алшақтатуға тиіс. Ал Израиль қарулы күштерін Ливаннан 60 күнде шығаруға міндетті. Содан кейін Ливан-Израиль шекарасы Ливан армиясының бақылауына өтеді.
Арай Төлегенқызы