Комаға түскен сарбазға қатысты сот отырысы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Комаға түскен сарбазға қатысты сот отырысы өтіп жатыр

27.11.2024

Алматыда әскери борышын өтеп жүріп комаға түскен сарбаздың ісі бойынша сот отырысы өтті. Оған 21 күн ес-түссіз жатып, есін жиған сарбаз Нұржігіт Әбділпатта да қатысты. Айыпталушы кіші сержант Дастан Тұрлан. Оған Қылмыстық кодекстің «Билікті асыра пайдалану» бабы бойынша іс қозғалған. Сотталушының адвокаттары БАҚ өкілдерін сот процесіне қатыстырмауды талап етті. Алайда, судья Ержан Абдуллин олардың талабын толық қанағаттандырған жоқ. Айыпталушы тарапты ғана фото-видеоға түсіруге тыйым салды. Жәбірленушілер моральдық және материалдық шығын ретінде жалпы 10 миллион теңге талап етті. Сондай-ақ, судьядан істі «Ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті асыра пайдалану» бабымен ауыстыруды сұрады.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысы Отар ауылындағы №30 да 212 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз, белгісіз жағдайда есінен танып, жансақтау бөліміне жатқызылған. Артынша анасы Жанна Жаналина, ұлының соққыға жығылған айтып, үндеу жариялаған болатын. 21 күн комада жатып есін жиған сарбаздың ісін Президент өз бақылауына алып, жан-жақты тексеруді тапсырған еді.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу