АҚШ-та инфляция төмендеп келеді. Сондықтан Федералық резерв пайыздық мөлшерлемені біртіндеп түсіруді жоспарлап отыр. Мұны осы мекеменің қарашаның 6-7-сі күндері өткен кездесуінің қорытындысына сүйеніп әлем ақпарат құралдары хабарлады.
Британияның «Financial Times» газетінің дерегінше, несие ставкасын азайтуға бір жағынан Құрама Штаттар экономикасының болжамдағынан жақсы өсуі және еңбек нарығына алаңдаушылықтың төмендеуі де себеп болған.
Арыстан Рысбек