Өзбекстанда тұмау өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда тұмау өршіп тұр

28.11.2024

Өзбекстанда осы аптада күн райы күрт жылынып, ауа температурасы кей аумақтарда +20 градусқа дейін көтерілді. Есесіне, тұмау өршіп тұр.

Әсіресе, Ташкент қаласында жағдай күрделі. Қауіпті вирустың тарағанын санэпидқадағалау қызметі мен дәрігерлер де растап отыр. Жоғарғы тыныс жолдарын зақымдайтын жұқпалы дерт көбіне балалар арасында жиі ұшырасып жатыр дейді мамандар. Дене қызуы жоғарылап, бас ауырып, соңы қатты жөтелге ұласады. Кей жағдайда, өкпенің қабынуына да соқтыруда. Ең қиыны, ауру белгілері тым ұзаққа, кейде тіпті бір айдан астам уақытқа созылады. Емдеу орындарында адам қарасы қалың, ауруханаларда науқастар үшін жедел түрде қосымша орындар әзірленіп жатыр. Ал медициналық орталықтар науқастар үшін «Ашық есік» күндерін өткізуде.

Шахноза Абдурахимова, республикалық оториноларингология ғылыми-медициналық орталығының бас дәрігері:

Қабылдауға келіп жатқан азаматтар өте көп. Дәрігерлерден тиісті кеңес алып, емделіп кетіп жатқандары қаншама. Әрбір азаматты иммундық жүйесін нығайтуға, сырқат адамдармен жақын қарым-қатынастан аулақ болуға шақырамыз.

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу