Халықтың депозитке салған салымы 22,7 трлн-ға жетті. Салым кейінгі 1 жылда 20,1 пайызға өскен. Ұлттық банктің ақпараты бойынша, бұл рекордтық көрсеткіш.
Жалпы банк салымшылары мен олардың жинақ көлемі жылдан жылға артып отыр. Ресми дерекке сүйенсек, қазір халық қаржыны ұлттық валютамен жинағанды жөн көреді. Қазір депозитте 17,4 трлн теңге жиналған. Ал депозиттегі ақшасын шетелдік валютамен сақтайтындар анағұрлым азайған. Бұл көрсеткіш 5,3 трлн теңгені көрсетіп тұр.