Ресейде үш күн ішінде 70-ке жуық адам өрттен қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде үш күн ішінде 70-ке жуық адам өрттен қаза тапты

29.11.2024

Ресейде үш күнде 70-ке жуық адам өрттен қаза тапты. Іргелес елде осы аралықта 1700-ден астам өрт болған. Оқиғадан 260 адам жапа шекті. «Басты себеп – электр жүйелерінің істен шығуы, темекі тұқылын дұрыс өшірмеу», - дейді мамандар. Тілсіз жау әсіресе Пермь, Архангельск, Алтай республикасында көп тіркелген. Сондықтан мамандар қызыл жалынның тарауына себепші болғандарға айыппұл салумен шектелмей, 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруды ұсынып отыр.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу