Биыл Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, әнші-композитор Жақсыгелді Сейіловтың туғанына 75 жыл толды. Осыған орай Тайжан Қалмағамбетов атындағы Ұлытау облыстық филармониясының ұжымы «Өнер өлкесінің Жезкиігі» атты концерт өткізді.
Аты аңызға айналған композитор Жақсыгелді Сейілов пен «Қаракөз» вокальды аспапты ансамблі еншісі бөлінбейтін егіз ұғым. Олар мәдениеттің өрлеуі жолында өлшеусіз үлес қосты. Сұңғыла сазгердің өнері мен өмір жолында ешкімге ұқсамайтын ерекше рухани үндестік бар дейді өнер жанашырлары.
Ғалым Мұхамедин, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:
Ел есінде жарқын бейнесі сақталған табиғатынан талантты тұлғаны еске алуға келген елдің қарасы қалың. Кеш барысында композитордың ең танымал туындылары орындалды. Ал Жақсыгелді Сейіловтың «Ұлытау» әнін Қаракөз Абдушарипова шырқады. Көңілді тербеген концертте сазгердің әндерін өнерпаздар тыңдарманның жүрек түкпіріне жеткізді.
Жанат Болатбекова, көрермен:
«Жезкиік» ансамблінің орындауындағы Жақсыгелді ағамыздың туындыларын тыңдап, өте бір рухани байып қалдық. Жақсы бір әсерде қалдық. Кеш өте керемет, жоғары деңгейде өтті.
Белгілі әнші, композиторға арнап, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев «Жарығым- ай» әнінің сөзін жазған. Жақсыгелді Сейілов өнерден өз бағасын алып үлгерген тұлға. Біртуар сазгер «Жігер» фестивалі мен Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық байқаудың жүлдегері. «Өнер өлкесінің Жезкиігі» атты концерт әншінің асыл мұрасын жаңа қырынан жаңғыртты. Аталған шара Ұлытау облыстық мәдениет, тілдер дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Жандос Бақытұлы