Өзбекстанда ұрлықтың ерекше тәсілі тіркелді. Белгісіз екі адам көшедегі банкоматтардың бірін көлікке салып әкетпек болған. Алайда олардың бұл әрекеті сәтсіз аяқталды.
Әлеуметтік желіде тараған видеода екеудің банкоматты жеңіл көліктің артқы орындығына жайғастырмақ болғаны байқалады. Бірақ ауыр әрі көлемді банкомат салонға сыймаған. Біраз әуреленген соң, жақындап қалған машинаның жарығын көрген күдіктілер банкоматты жерде қалдырып, тайып тұрған. Қазір олар іздестіріліп жатыр. Ақша шешетін аппаратқа қатысты тағы бір қылмыс Ташкентте тіркелді. Үш адам банкомат арқылы жалған АҚШ долларын сумға айырбастаған. Яғни, 28 дана 50 долларлық банкнотпен операция жасаған. Бас прокуратураның хабарлауынша үш күдікті қолға түсіп, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.