Ақша жымқырды деген күдікке ілінген қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайраттың ісіне блогерлердің қатысы бар ма? Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде су тасқыны кезінде жиналған қаражатты жымқыру ісіне миллиондаған оқырманы бар блогерлердің де қатысы бар болуы мүмкін деген ақпарат тараған. Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдері, күдіктіге қатысты іс бойынша соталды тергеу жалғасып жатқанын айтты. Құзырлы орган қарауында блогерлер немесе су тасқыны кезінде қаражат жинаған басқа ұйымдастырушыларға қатысты соталды тергеу жоқ, - деді. Еске сала кетейік, 14 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі, Перизат Қайрат 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлаған еді.
Асылбек Данияр