Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Онда Мәдениет және ақпарат министрінің, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімінің есебі тыңдалды. Қатысушылар ведомстволық марапаттар жүйесін, мемлекеттік рәміздерді қолдану және пайдалану тәртібін реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру мәселелерін қарастырды. Жиында комиссия бірқатар мемлекеттік органның жаңадан үш ведомстволық награда енгізу жөніндегі ұсынысын қолдамады. Жиынды қорытындылай келе, Мемлекеттік кеңесші мемлекеттік рәміздер, марапаттар және геральдика саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыруға қатысты нақты тапсырмалар берді.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:
Ведомстволық наградалар бойынша біздің алдымызда тұрған мақсат - бір ретке келтіру. Біріншіден, ведомстволық наградаларды көбейтудің қажеті жоқ. Біздің комиссия керісінше бұл салада оңтайландыру керек, қайтадан қарау керек қаншалықты қажет, қажет емес. Екіншіден, әрбір органның, әрбір мемлекеттік ұйымның ведомстволық наградалардың саны бойынша бір шектеу керек сияқты. Бір квота ма, шектеу болу керек.
Ғани Қалмахан