Байден айыпты деп танылған ұлы Хантерді кешірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байден айыпты деп танылған ұлы Хантерді кешірді

02.12.2024

АҚШ президенті Джо Байден екі қылмыстық іс бойынша айыпты деп танылған ұлы Хантер Байденді кешірді.

Ақ үй басшысының 54 жастағы ұлы 2018 жылы қару сатып алу кезінде нашақор екенін жасырғаны және салық төлеуден жалтарғаны үшін кінәлі деп танылған еді. Джо Байден осы кезге дейін Хантерге кешірім жарияламайтынын айтып келді.

Ал кешегі мәлімдемесінде АҚШ президенті баласы әділетсіз қудалауға ұшырағанын мәлімдеді. Бұған қоса, Байден америкалықтар оның әке және президент ретінде мұндай қадамға неліктен барғанын түсінетініне үмітті екенін айтты.

Байден туысқанын кешіріп отырған тұңғыш АҚШ президенті емес. Бұған дейін экс-президент Билл Клинтон інісіне, ал Дональд Трамп құдасына рақымшылық жариялаған еді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу