Түркияда балалардың әлеуметтік желі қолдануына тыйым салынуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда балалардың әлеуметтік желі қолдануына тыйым салынуы мүмкін

02.12.2024

Түркияда балалардың әлеуметтік желі қолдануына тыйым салынуы мүмкін. Ел парламентіндегі Технология және коммуникация жөніндегі комитеттің жұмыс тобы цифрлық қауіпсіздік туралы құжатты талқылап жатыр. Ол құжатта балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары қаралуда. Жұмыс тобындағы мамандар бұл мәселені шешу үшін 13 жастан төмен балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салатын заң қажет екендігін айтады.

Бұдан бөлек балалардың смартфон қолдануын заңмен шектеу жайы да көтеріліп отыр. Сондықтан қазір қолданыстағы интернет арқылы хабар таратуды реттеу туралы заңға өзгертулер енгізілуі мүмкін. Қазіргі таңда Аустралия, Англия және Қытай сияқты бірқатар елдерде балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салатын заң бар.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу