Қазақстан - Қытай: Тауар айналымы 36,5 млрд долларға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан - Қытай: Тауар айналымы 36,5 млрд долларға жетті

02.12.2024

Биыл Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 36,5 млрд долларға жетті. Бұл – бұрын-соңғы болмаған көрсеткіш. Өткен жылы алыс-беріс көлемі бұдан 11 пайызға аз еді.

Бұл жайында «Орталық Азия – Қытай» форматындағы Сыртқы істер министрлерінің 5-ші кездесуінде белгілі болды. Тараптар сауда-экономикалық, транзит-көліктік ынтымақтастықты арттыру және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы пікір алмасты. Сондай-ақ Қазақстанның Қытайға шикізаттық емес экспортын ұлғайтудың маңыздылығына тоқталды.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу