Алматыда XVII халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды. Шәкен Аймановтың 110 жылдығы және “Қазақфильм” киностудиясының 90 жылдық мерейтойымен тұспа тұс келген мәдени шара ауқымды деңгейде өтті. Халықаралық байқауға үш құрлықтан 100-ден аса қатысушы өтініш білдірген. Комиссия конкурс бойынша үздік 13 картинаны таңдап алды. Екеуі қазақстандық фильм. Ал түркі әлемі бойынша 9 туынды іріктелген. Оларды әр елден арнайы шақырылған киносыншылар көріп, бағасын берді. Қазылар алқасының шешімімен қырғызстандық Абылай Марат үздік актер атанса, татарстандық Эльза Каримова «Үздік актриса» деп танылды. Ал «Жоқтау» фильмі үшін қазақстандық Аруан Анартай «Үздік режиссер» номинациясына ие болды. Сарапшылардың сөзінше мұндай жоғары деңгейдегі фестивальдер жас таланттардың тәжірибе жинап, жетілуіне септігін тигізеді. Соның арқасында киноөнері де қарыштап дами бермек.
Айдар Омаров, «Qazaqfilm» директорының міндетін атқарушы:
Мұндай ірі іс шаралардың өтуі кинемотографтар арасындағы байланысты нығайтады. Мамандар басқа елдің туындыларымен танысып, артықшылықтарын болмаса кемшіліктерін көріп, тәжірибе жинайды. Кейін бір-бірімен серіктес болып, бірге әр түрлі жобаларда жасауына да мүмкіндік бар. Сондықтанда осындай ауқымды халықаралық байқаулардың жиі болғаны маңызды.
Ернұр Медет