Республикалық бюджетке трансферт бөлу үшін Ұлттық қордағы 900 млн доллар сатылады. Ұлттық банк өткен айда осы мақсатқа 1,21 млрд долларын саудаға салған. Теңге бағамын тұрақтандыру үшін тағы 1 млрд доллар жұмсалды. Десе де бұл ұлттық валютаның құнсыздануына тосқауыл бола алмады. Қараша айында теңге 5 пайызға әлсіреді. Ақша айырбастау орындарында 1 АҚШ доллары 525 теңгеге дейін сатылды. Ұлттық банк көк қағаздың құны геосаяси жағдай мен әлемдік қаржы нарығына байланысты өзгеруі мүмкін дейді.
Айя Мүтәлі