Ауыл мұғалімі шетелдік танымал әншінің саунд-продюсері болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл мұғалімі шетелдік танымал әншінің саунд-продюсері болды

02.12.2024

Абай облысындағы ауыл мұғалімі Ерқанат Садуаханов шетелдік әйгілі әнші Ники Минаждың дыбыс продюсері атанды. Енді ол рэпердың «Pink Friday 2» альбомының делюкс-нұсқасына музыкалық жобалар жасайды. Бұл қызметі ән әлемінде саунд-продюсер деп айтылады. Жалпы жас педагог музыка әлемінде Eraholic деген лақап атпен танымал. Бүгінде ол Абай атындағы арнайы мектеп-гимназия-интернаттың биология пәнінен сабақ береді. Ол бұған дейін де Dua Lipa, Rosalia, Лиса сияқты әлемдік жұлдыздардың әндерін әрлеген болатын. Ал жаңа альбом 13 желтоқсанда жарық көрмек.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу