Испания елшісі мен отандық баспа Ұлттық кітапханаға 1000 кітап сыйлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испания елшісі мен отандық баспа Ұлттық кітапханаға 1000 кітап сыйлады

02.12.2024

Ұлттық академиялық кітапханаға мың кітап. Испания Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Луис Франстско Мартинес Астанадағы руханият ордасының кітап қорын толықтырды. Тарту етілген сыйлар қатарында қазақ классик жазушыларының шығармаларымен қоса, қазақ тіліне аударылған әлем әдебиетінің жауһарлары да бар. Ұлттық академиялық кітапханаға сондай-ақ нон-фикшн жанрындағы туындылар мен балаларға арналған сантүрлі кітаптар тарту етілді. Игі іске «Фолиант» баспасының директоры Нұрлан Исабековке Испания Корольдігінің Католиктік Изабелла орденін табыстау іс-шарасы мұрындық болғанын айта кетейік.

Нұрсұлу Байболатова, баспаның аға редакторы:

Бұл дәстүрді біздің баспамыз осы 2024 жылдың мамыр айында Алматы қаласындағы Қазақстан Ұлттық кітапханасына 1000 кітап сыйлау арқылы бастаған болатын. Сол дәстүрді жалғастыра отырып, кітапхана ісін қолдау мақсатында бүгін осындай іс-шара ұйымдастырдық.

Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу