Ақтөбеде үш жасар қыз баланы көлік басып кетті. Оқиға Есет батыр шағын ауданында болды.
Ойын баласының аулаға жүгіріп шығып, көлік астына түскен сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ол жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Жағдайы ауыр. Миы шайқалған, жамбас сүйегі сынған. Көлік жүргізушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.
Жақсыбек Кемал