Омбудсмен: 12 жасқа дейінгі балалар үйде жалғыз қалмауы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Омбудсмен: 12 жасқа дейінгі балалар үйде жалғыз қалмауы керек

02.12.2024

12 жасқа дейінгі балалар ересек адамның бақылауынсыз үйде қалмауы керек. Еліміздің бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева осындай ұсыныс білдірді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында қайғылы оқиғалардың басым бөлігінде балалар үйде жалғыз болғанын жазған. Балалар психологы Назерке Амантаева да бұл ұсынысты қолдап отыр. Оның айтуынша, жалғыз қалған балада қорқыныш басым болады. Салдарынан түрлі қауіпті әрекеттерге баруы мүмкін дейді. 

Назерке Амантаева, балалар психологы:

Осындай бір жағдай болған. 5 жасар бала үйдегі сеть өшкенде қорқыныштары одан бетер күшейген. Қазір тоқ өшті, менің телефоным өшсе байланысқа қалай шығамын деген. Мамасы ұзақ уақытқа кеткен кезде балалар қауіпті іс-әрекетке баруы мүмкін. Балалардың бойынан сенімсіздік пен қорқыныш көрген кезде оған қашан үйренгенше біз оларды жалғыз тастамауымыз керек.

12 жасқа толмаған балаларды үйде жалғыз қалдырған қаншалықты дұрыс? Бұл сұрақты халықтан да сұрап көрдік. Ел пікіріне назар салсақ.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу