Атырау облысы Жылыой ауданында екі мектепте стоматология кабинеттері ашылды. Бұл игі іс министрлік бекіткен «Сау тіспен – болашаққа» жобасы аясында жүзеге асты. Алдағы төрт жылда облыс бойынша 48 мектепте стоматология кабинеті ашылмақ. Статистика бойынша жыл басынан бері 64 мың бала тіс дәрігеріне жүгінген. Сондықтан мұндай шаралар болашақ үшін керек-ақ. Алайда ауданда маман тапшы. Мемлекеттік мекемелерде тек қана 3 тіс дәрігері бар. Сәйкесінше балалар тек жылына бір рет қана тексеруден өтеді.
Ұлжан Жаймұханова, мектеп директоры:
Аудандық денсаулық бөлімінен біз хабарласқан кезде балаларды профосмотрдан, медосмотрдан өткізеді сәуір айында жыл сайын. Сол кезде келіп балаларды қарауға біз мүмкіндік жасаймыз деген жауап алдық.
Нұрсұлтан Нұрсейіт