Қызылорда облысы, Арал ауданында ақбөкеннің мүйізін сатумен айналысатын қаскөйлер полицияның құрығына түсті. Жергілікті жердің екі тұрғынынан киіктің 2038 дана мүйізі табылды.
Ішкі істер органының арнайы жедел іздестіру тобы оларды қылмыс үстінде қолға түсірді. Ақбөкен мүйізін қапқа толтырған күдіктілерден электронды өлшегіш таразы және екі автокөлік тәркіленді. Елімізде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түз жануары мемлекет қорғауында. Қазір ұсталған екеу уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Әділбек Серікұлы