Атырауда орталық есепшісі мен директоры 79 млн теңге жымқырған. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бас есепшісі уақытша мекеме директоры міндетін атқарған кезінде өзінің және таныстарының банк есепшотына негізсіз 73 млн теңге аударып алған. Ал директор орталықты басқарған уақытында 6 млн-нан астам соманы иемденген. Сот үкімімен есепші 7 жыл, директор 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Нұрсұлтан Нұрсейіт