Оралдағы теннис кешені мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдағы теннис кешені мемлекетке қайтарылды

03.12.2024

Жоғары сот шешімімен Оралдағы теннис кешені қайтадан мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұған дейін спорт нысаны жеке кәсіпкерге сенімгерлік басқаруға берілген еді. Облыс прокурорының наразылығымен жергілікті соттың шешімі бұзылды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде сенімгерлікке беру облыстық маслихаттың шешімінсіз қабылданған. Мемлекеттен 900 миллион теңге қаржы бөлу қаралған. Ал кәсіпкердің жобаға қосқан үлесі небәрі 5 пайыз, мемлекеттік жарна 95 пайыз. Бұл - мемлекеттің экономикалық мүдделеріне қайшы келеді. Осылайша Жоғарғы Сот теннис кешені мен мектебін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қайтарды.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу