Германияда «Фольксваген» компаниясының 9 зауытының жұмысшылары ереуілге шықты. Олар кәсіпорын басшылығының жалақыны 10 пайызға қысқарту және 87 жылдан бері алғаш рет кейбір зауыттарды жабу жоспарына наразылық білдіріп жатыр. Қарсылық акциясы салдарынан жұмыс тоқтап, конвейерлерден жүздеген машина шықпай қалған. Түйткілді шешу үшін компания жетекшілігі мен кәсіподақтар желтоқсанның 9-да келіссөздердің тоғызыншы раундын өткізеді. Сарапшылардың айтуынша, «Фольксваген» табысының азаюына автомобильге сұраныстың төмендеуі , Қытай тарапынан бәсекенің күшеюі және өндіріс шығындарының артуы себеп болып отыр.
Арыстан Рысбек