Бурабайға бәсекелес туристік кешен жоспарланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабайға бәсекелес туристік кешен жоспарланды

03.12.2024

Былтыр Бурабайға 1 млн турист келген. Бұл Алматы мен Астанадан кейінгі үшінші көрсеткіш. Алдағы жылдары Ақмола облысына келетін туристер санын екі еселеу көзделіп отыр. Сондықтан Бурабайдан бөлек өңір әкімдігі енді Ақкөл қаласының туристік әлеуетін арттыруға ниетті. Бүгін осы мәселе Сенат қабырғасында бірқатар министрліктердің өкілдерімен талқыланды. Жиында Ақкөл қаласына тартылатын инвестиция мен қолға алынған жобалар туралы айтылды. Олардың арасында елімізде бұрын соңды болмаған жобалар бар.

Ернар Жаркешов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары:

Инфрақұрылым мәселесі шешілмеген жерлерге альтернатиті шешім табуды көздеп отырмыз. Мәселен қаладан электр қуатының орнына күн сәулесінен қуат алатын панельдерді пайдалану. Су құбыры, кәріз жүйесінің орнына шығын суларды тазартып, жаңа механизмдерді қолданып, шешу мәселесі қаралып отыр. Бұл Қазақстанда болмаған нәрсе. Осы жобаны қарасақ, бұл отандық, қазақстандық инвестор. Соған 3 млрд-тан астам инвестиция құйған. Әрі қарай одан да үлкен жобаға 10 шақты млрд теңге құюды жоспарлап отыр.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу