Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен Әлібек Дінішев еліміздің мәдениеті мен өнерін дамытудың қазіргі мәселелері, сондай-ақ, рухани жаңғыру үдерісіндегі шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің рөлі жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы Халық әртісінің мәдениет саласына сіңірген еңбегін жоғары бағалап, оның елімізде ғана емес, шет елдерде де танымал екенін атап өтті. Қазақстан Президенті мәдениетті дамытуды мемлекеттік деңгейде қолдаудың маңыздылығына назар аударып, соңғы жылдары осы салада қол жеткізілген нақты нәтижелерге тоқталды.
Дулат НУРКИН